ТҮЛКІБАСТЫ ТҮЛЕТТІ ТЫҢ ТІРЛІКТЕР

/uploads/thumbnail/20170708204148016_small.jpg

Оңтүстік Қазақстан облысының шығыс беткейін бойлаған Түлкібас ауданында 110 мыңнан астам халық тұрады. Аталған ауданда көгілдір отын мен ауызсу мәселесі түбегейлі шешілген.
Табиғаты тамаша Түлкібаста жыл өткен сайын сан мыңдаған тірлік атқарылып, ел іші қуанышқа бөленуде. Ат басын бұра қалсаңыз, «жер жәннаты осы екен-ау» дерсіз. Көк аспанмен таласқан таулары, сыңғырлай аққан өзен сулары, жасыл желек оранған майсаларымен масая бересіз. Біз осыған орай Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары Өтепбай Амалбекұлы Маткеримовке жолығып, аймақта атқарылған жұмыстар жөнінде сұраған едік. 
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңын басшылыққа ала отырып, жұмыспен қамту секторы 2015 жыл­дың 10 айында төмендегідей жұмыстар атқар­ды.
2015 жылдың он айы бойынша 2245 жұмыс­сыз азамат жұмыс іздеп хабарласып, 2081 жұ­мыс­сыздың тұрақты жұмысқа орналасуына ық­пал жасалынды. Атап айтар болсақ, мектеп пен балабақшаға – 210 адам; көлік және бай­ланыс саласына – 30 адам; денсаулық сақтау саласына – 80 адам; ауылшаруашылық саласына – 68; басқа мекемелерге 1856 адам.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Жұмыспен қамту туралы» №149 заңына және Түлкібас ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 желтоқсандағы «2015 жылы қоғамдық жұмыстарды жергілікті бюджет қаражаты есе­бінен ұйымдастыру және оның көлемі туралы» №711 қаулысына сәйкес, 2015 жылға ақылы қо­ғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 18598 мың теңге қаржы бөлініп, 565 адамды қоғамдық жұмыстармен қамту жоспарланған болатын. 2015 жылдың 10 айында 573 адам қоғамдық жұмысқа тартылды, оның ішіндегі 35 азаматы мүгедек. 2015 жылдың басынан 166 мүгедектің тұрақты және уақытша жұмысқа орналасуына ықпал жасалынды.    
Түлкібас ауданында 19 ҰОС ардагері, 31 ҰОС мүгедегінің жесірі және 1445 тыл еңбек­керлері тұрады. Барлық ардагерлер «1941–1945 жылдардағы Жеңіске 70 жыл» мерекелік ме­даль­дармен марапатталды. Сонымен қатар 1941 – 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жең­іс­тің 70 жылдық мерекесіне орай 22 ҰОС ардагерінің, 31 ҰОС мүгедегінің жесірлерінің және 1445 тыл еңбеккерлеріне облыстық, жер­гілікті және республикалық бюджеттен бір жол­ғы материалдық көмектер берілді. 11 ҰОС арда­герінің және 6 жалғызбасты қариямен ҰОСМ жесірінің барлығы 2500 мың теңгеге тұрғын үйлері жөнделді. 21 ҰОС ардагерлері 136,5 мың теңгеге басылымдарға тегін жазды­рыл­ды. Жыл басынан ардагерлерге облыстық бюджет есе­бінен Шымкент қаласындағы Ар­дагерлер үйіне 153 жолдама, «Мейір» ардагерлер үйіне 153 жолдама, жеке оңалту бағдарламасы негізінде «Сарыағаш» шипажайына – 73 жолдама, «Күл­паршын» шипажайына – 25 жол­дама, «Бір­көлік» шипажайына – 15 жолдама, «Манкент» шипажайына – 21 жолдама, «Ақсу-Жабағылы» шипажайына – 34 жолдама, «Арыс» шипа­жай­ына – 64 жолдама, «Спутник» демалыс орнына 9 жолдама берілді. Аудандық бюджет есебінен «Ақсу-Жабағылы» шипажайына 157 жолдама сатып алынып, ардагерлер мен мүге­дектердің сауықтырылуы ұйымдастырылуда. Шымкент қаласындағы мүгедектерді оңалту орталығына 29 мүгедекке жолдама берілді. 2015 жылы 36 мү­гедекке 3 ымдау тілінің маманы (сур­доаудар­ма­шы) бекітіліп, ымдау тілі маманының қызметі үшін 2601 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.
2015 жылы жүріп-тұруы қиын І топтағы 81 мүгедекке 57 жеке көмекші бекітіліп, бүгінгі таңда қызмет көрсетуде, жеке көмекшілердің қызметі үшін 5831 мың теңге қаржы бөлініп, толық игерілді. Жыл басынан 70 мүгедекке про­тездік-ортопедиялық бұйымдар алуға жол­дама, 19 мүгедекке есту аппаратын алуға және 2 мү­гедекке есту аппаратын жөндеуге жолдама, 51 мүгедектік қоларба, демеушілер есебінен 1 мү­ге­дектік қоларба және 27 мүгедекке тифло­техникалық, 42 мүгедекке сурдотехникалық құ­ралдар таратылып берілді. Мұқтаж мүге­дектерді гигиеналық заттармен қамтамасыз ету үшін 2015 жылға аудандық бюджеттен 13017,2 мың теңгеге және республикалық бюджеттен 9033 мың теңгеге жаялық сатып алынып, 368 мүгедекке таратылып берілуде. 15 ақпан кеңес әскерін ауған жерінен шығарған күніне орай 53 Ауған соғысының жауынгерлеріне 10 мың теңгеден біржолғы материалдық көмек берілді. 26 сәуір Чернобыль апатын жоюға қатысқан 15 азаматқа 10 мың теңгеден 150 мың теңге бір жолғы материалдық көмек берілді. 1 қазан Халықаралық қарттар мен мүгедектер күніне орай естімейтіндігі бойынша 20 мүге­декке, зағиптығы бойынша 25 мүгедекке, аз қамтама­сыз етілген І-ІІ топтағы 55 мүгедекке және 107 тоқсан жастан асқан қартқа 5 мың теңгеден бір жолғы материалдық көмек берілді.
Мекеменің әлеуметтік қызметкерлердің күтімінде 105 жалғызілікті қарттар мен мүге­дектер, 18 жасқа дейінгі 124 мүмкіндігі шектеулі мүгедек бала және 18 жастан асқан психо­нев­ро­ло­гиялық ауруы бар 80 мүгедек күтімге алынды.
 Білім саласы бойынша ауданда 42 орта, 6 негізгі, 8 бастауыш білім беру мекемелері бар. Түлкібас аудандық үш тілде оқытылатын дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты жұмыс атқарады. Сонымен қатар мектептен тыс «Балалар өнер мектебінде» – 500 оқушы, «Жас туристер» стансасында 225 балаға қосымша білім беріледі. 
2014 жылы облыстық бюджет есебінен «Ал­ғабас» ауылында 378 474 мыңға 200 орындық, Жиынбай ауылында 373 242 мыңға 200 орын­дық, Еңбек ауылында 380 000 мыңға 200 орын­дық және 150 орындық Сарытөр ауылында 302 996,14 мың бөлініп пайдалануға берілсе, 289 148 мың­ға Жаңаталап, 303 472 мыңға Ш.Мұртаза мектебі мен аудан орталығында Республи­ка­лық бюджет есебінен 280 000 мыңға 280 орын­дық балабақша құрылыстары мен жергілікті бюджет есебінен апаттық жағдайдың алдында тұрған әл-Фараби мектебінің 150 орындық жаңа мек­теп құрылысы жүргізілуде. Аудан ор­талығын­дағы оқушылар орнының тапшылығын жою мақсатында «Жанкент» мөлтекауданында 600 орындық жаңа мектеп құрылыстарының жоба­лық-сметалық құжаттары дайындалып, облыс­тық бюджет есебінен биылғы жылға 30 млн теңге бөлініп, бүгінгі күні құрылысы жүру­де. 2009 жылы 3 мектеп, 2010 жылы 2 мектеп, 2011 жылы 1 мектеп, 2012 жылы 4 мектеп, 2013 жылы 1 мектеп пен 1 балабақша құрылыстары салы­нып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 3 апатты мектептердің мәселесі шешілді.
Аудандағы 56 мектептің ішіндегі саманнан салынған және ыңғайластырылған мектептер саны жоғарыда аталған жұмыстардың есебінен азайып отыр.
Қазіргі таңда аудандағы 30 балабақшада 3905 бала, мектеп жанындағы 37 шағын орта­лықта 1534 бала, барлығы 3-6 жастағы бала саны – 5439, қамту пайызы 78,58%-ды құрады. 2015 жыл­дың соңына дейін жоспар бойынша 1305 бала қамту жоспарланған, жоспар бойынша жыл соңына дейін 500 бала қамтылатын болса, қамту пайызы 85,81%-ды құрайтын болады. 
 2016 жылы 5 елді мекенінен жекеменшік ба­лабақша ашу үшін 500 бала қамтылу жос­пар­ланған. 
 Педагог кадр бойынша қазіргі кезде ауданда 2454 педагог білім беруде. Жоғары білімділер – 2361 мұғалім. Орта арнаулы білімділер – 93 мұғалім. 
Олардың 345-і (14%) жоғары біліктілік са­натты, 807-і (33 %) бірінші санатты, 717-і (29 %) екінші санатты, 585-і (24%) санатсыз мұғалім­дер. 2454 педагогтың 1-еуі «Құрмет» орденімен, 6-ауы «Ы.Алтынсарин» белгісімен, 13-і «ҚР білім беру ісінің үздігі», 13-і ҚР-дың Білім және ғылым министрлігінің құрметті қызметкері белгісімен марапатталғандар.
Биылғы оқу жылында Ұлттық бірыңғай тес­тілеу аудан орталығындағы Түлкібас агроби­знес және саяхат колледжі базасында орналас­қан ҰБТ өткізу пунктінде 2 лекте, яғни 2 және 4 маусым күндері Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары» негізінде өтті.
Бұл сынаққа аудандағы 1064 мектеп бітіру­шінің 839-ы (81,3%, өткен жылы 77 %) өтініш берді, оның 741-і қазақ, 98-і орыс тілінде. 836 оқу­шының Ұлттық бірыңғай тестілеудің қоры­тындысы бойынша орта балл – 82,9 (өткен жылы – 74.43). 
ҰБТ қорытындысы бойынша Түлкібас дарын мектебінің оқушысы Лаура Абдазимова 125 балл жинады. ҰБТ қорытындысы бойынша 167 оқушы (20 %) 100 және 100-ден жоғары, 33 оқушы (3,9 %) 50 балдан төмен жинаған. Ал конкурстық балдан төмен 92 (11 %) бітіруші бар.
Президент Қазақстан халқының тұрақты түрде спортпен шұғылдануы 2020 жылға дейін 30 пайызға жеткізу керектігін айтқаны белгілі. Қа­зіргі таңда ауданда тұрақты түрде спортпен шұғылданушылар саны 23,5 пайызға жетті. 
Ауданда 3 спорт мектебі халыққа қызмет етеді. Осы аталған 3 спорт мектебінде 1 699 оқу­шы спорттың 13 түрінен 14 ауылдық округ­терде қамтылған. 
Салауаттты өмір салтын насихаттау мақ­са­тында 2015 жылдың 9 айында жоспар және жос­пардан тыс 251 спорттық іс-шара өткізілді. Атал­ған іс-шараға 26 300 адам қамтылды.
Түлкібас ауданының мәдениет және тілдерді дамыту жөніндегі бөліміне қарасты 1 аудандық мәдениет үйі, 8 ауылдық мәдениет үйі, 17 ауылдық клубы, 2 аудандық кітапхана және 24 ауылдық кітапхана, барлығы 52 мәдениет ме­кемесі аудан халқына мәдени қызмет көр­сетеді. Ел ішінде өнерді дамыту, таныту, жас­тар­ды мәдениетке шақыру мақсатында 2015 жылдың 10 айында 1721 мәдени іс-шара өткізілді.

Дереккөз: Айқын-ақпарат

Қатысты Мақалалар