Алматыда үш рет жер сілкінді

/uploads/thumbnail/20170708204233485_small.jpg

Бүгін таңертең Алматыда үсті-үстіне үш мәрте жер сілкінді. Осыған байланысты Алматы қаласының Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті түсініктеме беріп, тұрғындардың алаңдауына еш негіз жоқ деп мәлімдеді.

Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап  хабарлайды.

«Бізге келіп түскен сараптамалық ақпаратқа сәйкес, Алматы қаласында қала тұрғындары үшін қауіп тудыратындай ешқандай ірі жер сілкіністері, зілзала болмайды. Бүгінгі оқиғаларға қатысты жер асты дүмпуі сезілген жоқ. Қауіпті жер сілкінісі болуы мүмкін деген ақпарат келіп түскен жағдайда тұрғындарға алдын ала СМС-хабарламалар жіберілетін болады», - деп атап өтті Алматы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы Сандуғаш Баймұхамбетова.

Естеріңізге сала кетейік, «ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ» ММ сейсмикалық стансасы желісінің хабарлауынша, 21 қараша күні үш рет жер сілкінісін тіркелді.

Алғашқысының ошағы Алматы қаласынан батысқа қарай 473 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,1, магнитудасы - 5,1. Тереңдігі - 5 шақырым.

Екіншісі жергілікті уақыт бойынша сағат 06.46-да жер сілкінісі тіркелді. Зілзала ошағы Қырғызстан аумағында, Алматы қаласынан батысқа қарай 467 шақырым қашықтықта орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 8.5. Магнитудасы - MPV 3.6. Тереңдігі - 5 шақырым. 
Үшіншісі Алматы уақыты бойынша таңғы сағат 08.35-те тіркелді. Оның ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 486 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.9, магнитудасы - 4,1. Тереңдігі - 0-5 шақырым.

 

 

 

 

Қатысты Мақалалар