Үш тілде білім беруді дамытудың жол картасына сәйкес 2020 жылдан бастап еліміздегі жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесіне айтарлықтай өзгерістер енгізіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жоғары жйтты. Бұл туралы "Қамшы" порталы BNews.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Жол картасына сәйкес жоғары оқу орындарында білім беру мазмұны қайтадан жаңғыртылады. Бұл кезде барлық оқу мерзімінде ағылшын тілі пәні оқытылады. Бірінші курстан бастап пәндердің 20 пайызы екінші тілде оқытылады. Мысалы, қазақ тобында оқитын студенттер сабағының 20 пайызын орыс тілінде, ал орыс бөлімінде оқитын студенттер үшін қазақ тілінде өтеді. Үшінші курстан бастап базалық және кәсіби пәндер ағылшын тілінде оқытылады», - дейді Г.Көбенова.
Оның айтуынша, бүгінгі күні жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың тілдік деңгейін көтеру мақсатында біраз жұмыстар жасалып жатыр.
«Қазіргі таңда жоғары оқу орындарында қызмет атқаратын оқытушылық құрам өздерінің тілдік деңгейін жетілдіріп келеді. Жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың 8 пайызы ағылшын тілін жетік меңгерген. Техникалық, педагогикалық, гуманитарлық мамандықтарда кейбір кәсіби пәндер ағылшын тілінде жүргізіліп жатыр. Олар осы бағытта жұмыстарын жалғастырады. Сонымен қатар, оқу орындарына шетелден оқытушы ғалымдар келіп сабақ өткізеді. Соңғы үш-төрт жылдың ішінде 6 мыңнан астам шетелдік ғалым студенттерге дәріс оқып, семинарлар өткізді. Бірігіп, ғылыми зерттеулер жүргізді. соңғы үш жылдың ішінде 3000-ға жуық студент шетелде бір семестр білім алып келіп, қазір елдегі оқу орындарында оқуларын жалғастырып жатыр.