БҚО-да балабақша ғимаратының терезесінен бүлдіршін құлап түсті (Видео)

/uploads/thumbnail/20170708204601301_small.jpg

Батыс Қазақстан облысында балабақша ғимаратының терезесінен бүлдіршін құлап түсті. Бұл туралы "Қамшы" порталы  Tengrinews.кз -ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Видео сипаттамасында оқиғаның Батыс Қазақстан облысындағы Зашаған кентінде болғаны айтылады. Видеода баланың екінші қабаттан құлап түскені бейнеленген. Бала бетон төселген жерге құлап, ғимаратқа кірер есікке қарай ауырсына еңбектейді. Бірер уақыттан өткенде оған ер адам көмекке келеді. Қазіргі уақытта бала ауруханада жатыр.

 


 

Қатысты Мақалалар