Елбасы Жолдауы тікелей эфирден көрсетіледі

/uploads/thumbnail/20170708204643926_small.jpg

30 қараша күнгі Елбасының халыққа Жолдауы тікелей эфирден көрсетілетін болды. Бұл туралы «Қамшы» порталы Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Біз Елбасы 30 қарашада халыққа Жолдауын жасайды деген ақпаратты растаймыз. Сонымен қатар, бірнеше республикалық телеарнадан Жолдаудың тікелей эфирін ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз» дейді Президенттің кеңесшісі – баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.

Президент жыл соңына дейін халыққа Жолдау жасайтынын Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеген еді.

«Мына қиын-қыстау кезеңде бізге не істеу керек екенін осы жылғы Жолдауымда жариялайтын боламын. Осы кезеңде Үкімет пен әкімдер экономикалық өсімді, халықты жұмыспен қамту мен табысын қолдау үшін барлық резервті қарастыруы керек» деген еді Президент Н. Назарбаев.

Қатысты Мақалалар