Жолдаудың екі жолын қолдау

/uploads/thumbnail/20170708204830912_small.jpg

Елбасының жолдауында көптеген мәселелер сөз болды, көп нәрсе айтылды. Бірақ, мен көбін түсінбедім. Өйткені, ол кісі көбіне-көп «көпшілікке түсінікті тілде» сөйледі...

Құдай бере салған қазақ тілі кәсіпкерлерден көмек сұрауға жарап берді. Орысша сөйлеп отырған жерлерін өткізіп жіберіп, қазақша айтқан жерлерін көрмек болып, «мышканы» ары-бері қозғасам «стрелка» жылжымайды. Сөйтсем, тікелей эфирді онлайн режимінде көріп отыр екем ғой. «Ютуб» көріп отырғандай болыппын ғой, құрсын.

Бірінші қатарда отырған кісілер үздіксіз жазып отырды. Тәртіпті оқушылар сияқты. Шіркін, сабақ біткеннен кейін, сабақ деппін ғой, Жолдау біткеннен кейін дәптерлерін жинап алып тексерсе ғой иә. Не жазды екен ей? Не жаза қойды дейсің. Әуелі «елканың» суретін салып отырмасын. Не бопты бірақ иә. Өйтпейтін шығар. Толық мәтіні ертең «Егеменге» шығады ғой. Сайттарға да жарияланады. Тегі мықты болса сонда қарап алса да болады ғой. Бәрінікі көз бояушылық, әйтеуір.

Жә, Жолдаудың біз түсінген жерлерінің бәрі рухқа толы. Соған ырза болдым. «Тәуекесіздік мәңгілік болсын, мәңгілік ел болайық» деді. Болсақ болайық. Бүгінгі жолдауда мен қолдайтын екі жол осы екен.

Бейбіт Сарыбайдың «Фейсбук» парақшасынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар