Бұған дейін телеарналардан "бүйірінде "Алла" деген жазуы бар қозы туыпты" немесе "Алла"деген жазуы бар қызанақ өсіпті" деген ақпараттарға онша назар аудара қоймаушы едім. Мыныған қайран қалып отырмын. Белгілі ақын, "Ан-Арыс" баспасының бас редакторы Кәдірбек Құныпияұлының келіні кеше кеште пісірген құймағының суретін бүгін жұмысқа әкеліп көрсетті. О. Құданың құдіреті! Әлеуметтік желіде отыратын тәспі тартқан тақуалар мен мамандар бұған қандай пікір білдіреді? Не деген жазу?
Жанарбек Әшімжан
(ФБ парақшасынан алынды)