Қытай еліндегі қызыққа қараңыз. Қазақтар жиі қоныстанған Шыңжаң өлкесінде «Үйлену тойынан» өзге тойларға мүмкіндігінше шектеу қою мәселесі көтеріліп жатыр. Үкімет тарапы мұның себебін аста-төк шығындардың көбейіп кетуімен түсіндіріп жатқан көрінеді. Бұл тақырып – Шыңжаңдағы қазақ ғаламторларында қызу талқылану үстінде. Ондағы пікірлердің басым бөлігі «Басқасы басқа. Қазақтың тойын азайтам деу бос әурешілік» дегенге саяды.
«Оларды қайдам? Біздің елде мемлекеттің өзі той өткізуді хобби санайды ғой» дейді бір танысым. Солай шығар. Дегенмен той тойлап жүріп, ой ойлаудан қапы қалмасақ болғаны?!
Пікір қалдыру