Қытай "босағасында" 15 қазақ сарбаз көз жұмды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Мамырдың 31-і ҚазТАГ ақпарат агенттігі Алматы облысындағы «Горный» шекара заставасында 15 әскери қызметкердің мәйіттері табылғанын хабарлады. Агенттік шекара күзетіндегі қызметкерлерді біреулердің өлтіріп кеткенін айтады.

Өз дереккөздеріне сілтеме жасаған ҚазТАГ "Өлтірілгендердің арасында 1 офицер, келісімшарт бойынша 3 жауынгер және 11 сарбаз бар" деп хабарлайды. Мамырдың 31-і тараған ақпараттар бойынша, мобильді пост емдік шөптерді заңсыз жинаудың алдын алу үшін жазғы уақытта қойылады. Мұның алдында Қытай азаматтары шекараның осы тұсынан бірнеше рет ұсталған екен. 15 шекарашының мәйітінен бөлек, заставаға жақын маңдағы қорықшының үйінен оның жансыз денесі табылған. "Ер адам осыдан 2 күн бұрын өлтірілген" деп хабарлайды Қазақстан ақпарат құралдары.

ҚазТАГ агенттігі қауіпсіздік қызметтері "Шекара бекетіне шабуыл жасалды немесе жарғыдан тыс қарым-қатынастар болды деп болжам жасап отыр" деп хабарлайды. Ақпараттар бойынша, шекарадағы "Горный" мобильді бекетімен мамырдың 30-ы байланыс үзіліп қалған. Постты тексеруге келгендер жауынгерлердің мәйіттерін біреулердің бір жерге жинап кеткенін көрген. Ал, Интерфакс-Казақстан агенттігінің мәліметі бойынша, заставада өрт болған, сегіз әскери қызметкердің мәйіті табылған. Расталмаған деректер бойынша, олардың қолындағы қарулары жоғалып кеткен.

«Азаттық» радиосының сайтынан алынды. Тақырып өзгертілді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар