Бүгін – халықаралық көші-қон күні

/uploads/thumbnail/20170708205726693_small.jpg

Бүгін халықаралық көші-қон күні. 1990 жылы дәл осы күні БҰҰ – ның жоғарығы кеңесінде барлық еңбекші-мигранттардың құқықтары мен олардың отбасы мүшелерінің құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенция қабылданған.

Осыған орай, 2000 жылдан бастап Біріккен ұлттар ұйымы әр жылы 18 желтоқсанды Көші-қон күні ретінде атап өтуде. Үстіміздегі жылдың халықаралық көші-қон жағдайы Таяу шығыс пен соғыс ошағындағы елдерден Еуропаға ағылған босқындармен есте қалуда. Ал, Қазақтар ше?

Жұмыр жерде адамзат жаралғалы атаулы бір күн болмаса да, әр мезгіл сайын көшіп-қонған халықымыздың маңдайына «мәңгілік көш» жазылған секілді. Ол – бүгінде тарихшалардың көбі біздікі еді деп картаға түсіуге дәті жете бермейтін ұлы даланың шеті мен шегінде шұбалған көш. Тәуелсіздіктен кейінгі Қазақ жерінің кешегі, бүгінгі және ертеңгі көшін сырттағы 5 миллион қандастың көші, ауылдағы қазақтың қалаға көші, қалада қазақтың пәтерден пәтерге көшуімен ғана сипаттауға болатын сияқты. Ал, осы жылдың Қазақ көшіндегі ең маңызды оқиғасы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойуы болды. Көш байсалды, қоныс жайлы болсын, Ағайын !

Әлібек Ыдырыстың G-Global - коммуникативтік алаңындағы парақшасынан

Қатысты Мақалалар