Үкімет мамыр айында реттелетін қызмет көрсетулердің жаңа тарифтері мен бағаларын қолданысқа енгізеді

/uploads/thumbnail/20170708151335468_small.jpg
Тарифтердің өсуіне жол бермеу үшін 1,2 пайыздық тармақ деңгейінде реттелетін қызмет көрсетулердің тарифтері мен бағаларының 2014 жылға арналған инфляцияға шекті салымы қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, 2014 жылғы мамыр айынан кейін реттелетін қызмет көрсетулердің жаңа тарифтері мен бағалары қолданысқа енгізілетін болады. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев осылай мәлім етті.Министрдің айтуынша, халық табысын қолдау мақсатында да бірқатар шаралар атқарылады. Мәселен, Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларға сәйкес, 1 сәуірден бастап азаматтық қызметшілердің, дәрігерлердің, мұғалімдердің және мемлекеттік сектордың әлеуметтік саласындағы басқа да қызметкерлердің лауазымдық жалақысына 10% мөлшерінде ай сайынғы қосымша төлем енгізіледі. «Зейнетақылық және мемлекеттік әлеуметтік төлемдердің мөлшерлері 5%-ға, бұл ретте 2014 жылдың басынан бергі жоғарылауды ескере отырып, тиісінше 14%-ға және 12%-ға дейін жеткізілетін болады. Ал атаулы әлеуметтік көмек - 12 %-ға дейін, студенттер шәкіртақылары - 10%-ға жоғарылайтын болады. Бұдан бөлек, жыл соңына дейін «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілеріне еңбекақы төлеу деңгейін 2015 және 2016 жылдардың 1 шілдесінен бастап 15%-ға жоғарылатуды көздейтін Президент Жарлығының жобасы әзірленетін болады», - деді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Е.Досаев.
Автор: Қанат Мәметқазыұлы, inform.kz

Қатысты Мақалалар