Қанаттың екпіні тау бұзады

/uploads/thumbnail/20170708151336497_small.jpg

Олимпиада және Азия ойындарының қола жүлдегері, бүгінде кәсіпқой бокста еліміздің намысын абыроймен қорғап жүрген Қанат Ислам ақпан айының қорытындысы бойынша WBA тұжырымының  рейтінгінде он екінші орында келеді.  Қанаттың жалпы кәсіпқой боксқа ауысқанына бір жылдың төңірегі болды. Ал, оған дейін біз оның WSB сериясында ел намысын қорғайтын «Астана арландары» командасында бір жылдай сәтті өнер көрсеткенін білеміз. Дегенмен, 2012 жылғы Лондон Олимпиасына Қазақстан атынан бара алмаған соң, Қанат біржолата кәсіпқой боксқа өтті. Бүгінде отбасымен бірге мұхиттың арғы жағындағы Құрама штаттардың Майами қаласында тұрып жатқан Қанат кәсіпқой бокс шаршы алаңына 16 мәрте шықты. Және сол 16 кездесуінің барлығында  қарсыластарын жеңіп шыққан. Ал, 2012 жылдың желтоқсан айында Ислам бірінші орта салмақтағы WBA Fedecaribе чемпиондық атағын жеңіп алды. Енді WBA тұжырымының  рейтингінде тоқталайық. Орта салмақтың супер чемпионы  атағы әлі де Флойд Майуейзердің еншісінде. Ал, бұл тұжырым бойынша әлем чемпионы деген атақ әзірше бос тұр. Тізілген тізім бойынша бірінші орында кубалық былғары қолғап шебері Эрисланди Лара келеді. Екінші орында Мигел Котто болса, үшінші орында Саул Альварес тұр. Біздің отандасымыз Қаната Ислам бұл тізімде он екінші орында екен. WBA тұжырымында чемпиондық аттаққа таласу үшін кем дегенде 20 кездесу өткізіп, сол кездесулердің барлығында мерейі үстем болған боксшы ғана чемпиондық атаққа таласа алады. Демек, Қанат енді төрт кездесуінде жеңіске жетсе, бұл тұжырымдағы қарымды боксшылармен жұдырықтасуына жол ашылады деген сөз. «Алаш айнасы»

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Автор: Уалихан Қосанбай

Қатысты Мақалалар