ЯНУКОВИЧ ЛАҢЫ ОСЫМЕН БІТСЕ, ЖАҚСЫ ҒОЙ...

/uploads/thumbnail/20170708151340355_small.jpeg

Украина, әсіресе, Қырым жөніндегі Ресей ұстанымы – әлемнің барша бейбітшілік сүйгіш халықтарын қатты алаңдатып отырғаны даусыз. Осының барлығына ең басты кінәлі адам - Украинаның тағынан тайдырылған, қашып барып Ресейді паналаған, ЕуроМайдандағы талай жазықсыз жандардың қанын мойнына жүктеген, өз отанынан миллиардтаған долларды жымқырып кеткен Янукович екенін әлем ақпарат құралдары жарыса жазуда. Оған басты дәлел мынау: « Ввести российские войска на Украину президента РФ Владимира Путина попросил Виктор Янукович. Об этом на экстренном заседании Совбеза ООН заявил постпред РФ при ООН Виталий Чуркин, сообщает РИА Новости (04.03.2014). Толық мәтінде мына радан оқи аласыздар:http://tengrinews.kz/world_news/vvesti-voyska-na-ukrainu-putina-poprosil-yanukovich-251372/». Яғни, қашқын Януковичтің Ресей президенті В.Путиннен Ресей әскерін Украинаға басып кіруге шақырғаны расқа айналып отыр. Ресей Федерациясының БҰҰдағы тұрақты өкілі Виталий Чуркин кеше РИА новости ақпарат агенттігіне берген сұқбатында осылай деп айтып салды.  Өз мемлекетіне өзі соғыс ашқызып әрі ашып отырған екі адам болса, соның ең бастысы - тағы да осы Янукович екені даусыз. Оған ЕуроМайданда төгілген жазықсыз жандар қаны аз болып көрінген сияқты. Ойпырым-ай, алтын Тақтың құдіреті-ай десеңші!

Онсыз даТаққұмар пендені қолма-қол ардан да, ұяттан да, намыстан да бездіріп жібергенін қарамайсыздар ма?

Және бұл төгілгелі тұрған өлшеусіз адам қаны үшін түптің-түбі болатын халықаралық сот процесі кезінде жауап беретіндер тізімін бастайтын да таққұмар Янукович болатыны даусыз. Ал, кешеден бері кері кете бастаған Ресей экономикасына, рубльдің құнсыздануына, сол арқылы онсыз да кедей орыс халқының ауыр жағдайына, Ресеймен көршілес тәуелсіз мемлекеттерде тұрып жатқан орыс ұлтынан шыққандарды жергілікті ұлттарға қарсы айдап салып отырған, ұлтаралық өшпенділікті қоздырушы жириновскийлердің артында кімнің және кімдердің тұрғанын енді бағамдай беріңіз (Қазақстандағы казак ұйымдарының тарихы http://articlekz.com/node/1524 Казахстанские казаки хотят бороться за Крым http://www.kursiv.kz/news/details/obshestvo/Kazahstanskie-kazaki-hotyat-borotsya-za-Krym/Союз сибирских, уральских, оренбургских, семиреченских казаков http://www.arvedi.kz/culture/soyuz-sibirskikh-uralskikh-orenburgskikh-semirechenskikh-kazakov.htmlРегиональное общественное объединение «Союз казаков Степного края» (РОО СКСК) http://www.arvedi.kz/union-of-cossacks-steppes/roo-sojuz-kazakov-stepnogo-kraja.html Сайт Союза  казаков семиречья  http://skook-kazkurer2.ucoz.ru/ Атаман Арын http://yvision.kz/post/355785 Казаки Казахстана: Россия заплатит нам за геноцид! http://yvision.kzҚазақ еліндегі казактардың құрып жатқан әскери ұйымдарын тексеріңіздер! Ашық хат!/post/355094). Бұл деректер осыдан алынды.

Енді жалғыз Украинада, Қырымда, Ресейде емес, жазықсыз жандар қаны ТМД елдерінде төгілуі әбден мүмкін. Оның бұлжытпас бір дәлелін, тәуелсіз Қазақстанның Шығыс Қазақстан облысындағы орыс- казактарының қайтадан бас көтере бастауларынан анық байқауға болады. Орекеңдердің өшпенділігін қоздырып кеткен таяуда ғана Қазақтар мен Орталық Азия халықтарының ар-намысына тиген В.Жириновский, Лимонов дегендер болғаны естеріңізде шығар. Осылар іле-шала Қырымға барып, сондағы орыс ұлты өкілдерін жергілікті халыққа қарсы айдап салып отырғанын - бүгінде бүкіл әлем жұртшылығы жақсы біледі.

Бір Януковичтің лаңы жалғыз Ресейді, ТМД елдерін ғана емес, АҚШ-ты, Батыс елдерін, бүкіл әлем жұртшылығын әбігерге салып қойғаны - тағы да ащы да болса, ақиқат! Міне, бір таққұмар диктатордың аз уақыттың ішінде істеген лаңы осындай болса, қаптаған диктатор атаулылар бейбіт халықтың күшімен аяқастынан тайдырылып, олар басы ауған жақтарына қашып, бассауғалап, қуғынға түсіп, алып елдерден ана Янукович сияқты әскери көмек сұрап жатса, олар да мына Ресей сияқты қарулы әскерлерін бейбіт елдерге басып кіргізіп,таққұмар президенттің намысын жыртып жатса, онда мына әлемнен не қалар еді? Мұндай сұмдықты   елестетудің өзі ғана қанша үрей туғызар еді!

Онсыз да орыс бодандығына «өз еріктерімен» мойын ұсынып отырған біздің намыссыз, жігерсіз, тексіз, орысқұл биліктегілеріміз -  Шығыс Қазақстандағы сияқты орыс атамандары бір ақырса болды, жым болып, солардың аяғын құшып құлауға әзір тұрғаны да жалған емес. Сонымен бірге, бүгінге дейін біздің орыстілді бір қазағымыз  Жириновский сияқтылардың оттауына қарсы тұрып, өзінің қазағын ашық қорғап, Қырымдағы орыс басқыншылығына байланысты өз пікірлерін білдірмей отырғандары да амалсыз ойға қалдырады екен...

Сонда, онсыз да маңдайының соры бес елі, осы Қазақстан атты мемлекетті құрушы негізгі ұлт - Қазақтардың жағдайы не болмақ? Біздің Қазақтар   орекеңдер сияқты алып империясы бар ел емес және біздің Қазақстаннан басқа барар жеріміз, басар тауымыз жоқ қой!

Тағы да қайталап айтамын, ондайдың бетін ары қылсын! Егер ондай жағдай туа қалса, біздің Қазақтарымыз жер бетінде бірі қалғанша, осы өз Отанын қорғайтын болады. Ал, намыссыз орысқұлдарымыз сондай қиын сәтте кімнің жағына шығып кететінін - болжаудың өзі артық. Онсыз да бәрі түсінікті емеспе...

Міне, бір ғана диктатор, қашқын, ұры, миллиардер, астындағы алтын тағы үшін өз ұлтын құрбан етуге әзір Януковичтің лаңы осындай болғалы тұр. Бір сұмдығы, мұндай диктаторлардың аяғы жалғыз Януковичпен бітсе жақсы ғой...

Жұмаш КӨКБӨРІ

Қатысты Мақалалар