АШЫНҒАН АТЫРАУЛЫҚТАР АУЫЛ ӘКІМДІГІНЕ БАСЫП КІРДІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170709030644713_small.jpg

Атыраулықтар тағы бас көтерді. Ашынған тұрғындар  бұл жолы әкімдік ғимаратын басып кірді. Қала  іргесіндегі қара жолдың жыры жұрттың  жүйкесін әбден жұқартса керек,  наразы топты ешкім тоқтата алмады, - деп Qamshy.kz 31-арнаға сілтеме жасап. 

Көп жылдан бері жасалмаған жол атыраулықтарды ашуландырды. Бүгін Бірлік ауылының тұрғындары бас біріктіріп, Геолог ауылдық округі әкіміне келді. Мәселе біреу. Тұрғындар үшін жүрер жолдың жасалғандығы керек.

ЖҰМАГЕРЕЙ ЖӘКЕСБАЕВ, Қала тұрғыны:

-Балдар сабаққа бара алмайды. Автокөлік кіре алмайды, ішке, ешқандай. Оның да бөлшектерінің барлығы сынып далада жатамыз. Сондықтан әкімнен біздің сұрап отырғанымыз жол. 

БОЛҒАН ДҮЙСЕНБАЕВА, Қала тұрғыны:

-Жол жоқ, сол мәселемен әкімге талай рет келдік. Уәде беру көп, орындап жатқан ешкім жоқ. 2009 бері жүрміз. Енді қазір, биыл жеті жыл болды.

Тоғыз жыл тұрғындарды сабылтып қойған тоғыз көшенің жолы, әлі күнге жасалмапты.

НҰРЖАН ЖҰМАХАНОВ, Геолог ауылдық округінің әкімі:

-Аталған көшелердің сметалық құндары есептеліп, қазіргі күнде мердігер мекемеге сұраныс беріп отырмыз. Сол сұраныс қашан аяқталады, содан кейін барып жұмысқа кірісуіміз керек.

Жұмысқа енді кірісуіміз керек деген ауыл әкімі тұрғындарға екі ай уақыт ішінде бір хабарын жеткіземін деп уәде берді. Ал, тұрғындар шыдамның таусылғандығынан Астанаға арыз жазатындықтарын жеткізді.

Связанные Статьи