Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев Қазақстан Республикасының премьер министрі болып тағайындалды.
Бақытжан Сағынтаевтың өмірдеректері:
С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген (1985), экономист, саяси экономика пәнінің оқытушысы.
1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтында саяси экономика кафедрасының оқытушысы.
1988 жылдан - С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент.
1992 жылдан - коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтер атқарған.
1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары.
1999 жылдан - ҚР Шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары.
2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету қоры» ЖАҚ басқармасының төрағасы.
2001 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнеске қолдау көрсету жөніндегі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2004 жылдан - ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігінің төрағасы.
2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің жетекшісі.
2008 жылдан бері - Павлодар облысының әкімі.
20 қаңтар—24 қыркүйек 2012 жыл аралығында — Қазақстан Республикасының экономикалық даму және сауда министрі.
2012 Қыркүйек—2012 қаңтар — «Нұр Отан» ХДП-ның төрағасының бірінші орынбасары.
16 қаңтар 2012 жылдан бастап жаңадан құрылған Қазақстан Республикасының Өңірлік даму министрі және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
2014 жылғы 7 сәуірден Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары.
2016 жылдың 9 қыркүйегінен бастап ҚР-ның Премьер-министрі.·