Ыстамбұлда тағы да атыс болды

/uploads/thumbnail/20170709192629036_small.jpg

Ыстамбұлдағы Фатих ауданында орналасқан мейрамханалардың бірінде белгісіз біреу келушілерге оқ жаудырған деп хабарлайды CNN Turk. Шабуыл кезінде екі адам жарақат алды. Оның бірі мейрамхана басшысы. Телеарнаның хабарлауынша болған оқиғаның терроризмге еш қатысы жоқ.

Оқ атқан адам жалғыз болған. Оның аты-жөні әзірше белгісіз. Оқиға орнына полицейлер келген. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Бұдан бұрын да Ыстамбұл қаласындағы Reina түнгі клубында террорситер халыққа оқ атқан. Нәтижесінде 39 адам көз жұмды. 69 адам жарақат алды. Қылмыскерлер  іздестірілуде. ДАИШ террористік тобы кінәні өз мойнына алды.

 

 

Связанные Статьи