• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 09:58:24
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

01 Шілде, 2019 NEWS

Масқара: Нью-Йорктегі гей-парадқа Қазақстан туын алып шықты (фото)

Дәстүрлі парадқа қазақтың байрағын алып шыққан біржыныстылардың әрекетінің алдын қалай аламыз?

30-маусымда Нью-Йоркте әлемнің күллі елінен біржыныстылар жиналып, 4 жылда бір рет болатын Дүниежүзілік гей-парад өтті. Бұл туралы "Радужная Америка" тобының Facebook-тегі хабарламасына сүйене отырып Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

АҚШ-та алғаш рет әлемдік деңгейдегі гей-парад өтті. Бұл іс-шара біржыныстылардың өз құқықтары үшін күресуінің 50 жылдық мерейтойына арналды.⠀

1

Сол кезде, көп жыл бұрын, шеру Нью-Йоркте "Стоунволл" барында басталды. Содан кейін акциялар әлемнің әр бұрышында өтті.

Бұл шеру, шерудің онлайн-көрсетілімі 4 миллионнан астам адамды қамтыды. ⠀

2

Нью-Йорктегі гей-парадтағы ТМД елдері өкілдерінің орыс тілді колоннасы мемлекеттік ту астына стильденген айтарлықтай көлемді плакатты өрістетіп, Қазақстанды жеке бөліп көрсетті.

"Біз бәріміз бір күннің астында тұрамыз", - деген ұранды қолданды демонстранттар.

Қазақстан туының шеруде көрініс бергені кездейсоқтық емес. Өйткені, ЛГБТ-босқындар саны бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 3-ші орында тұр. Сонымен қатар, АҚШ-та елдегі біржыныстылардың жағдайы жиі талқылануда.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір