Бейбіт Шүменов - чемпион!

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

Кеше Лас-Вегаста Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) жартылай ауыр салмақтағы Әлем чемпионы Бейбіт Шүменов мексикандық Энрике Орнеласпен жекпе-жек өткізіп, өз атағын қорғап қалды.

12 раундтық жекпе жекте Б.Шүменов 120-108 есебімен жеңді.  Барлық төрешілер де қазақ боксшысын жеңімпаз деп таныды.

Айта кетейік, 1983 жылы 19 тамызда Шымкентте өмірге келген Б.Шүменов бұған дейін 13 кездесу өткізіп оның 12-сінде (8-і нокаутпен) ұтып, тек бір-ақ рет күмәнді жағдайда жеңіліс тапқан болатын. Бұл 28 жасар қазақстандық 2009 жылы 15 тамызда Астанада Габриел Кампилломен чемпиондық атақ үшін болған жекпе-жекте жеңіліс тапқанымен, 2010 жылы 29 қаңтарда Лас-Вегаста өткен қарымта кездесуде алтын белбеуді иеленген еді. Одан кейін өз атағын 3 рет сәтті қорғап шыққан Бейбіт 12 раундтық соңғы кездесуін 2011 жылы 29 шілдеде Данни Сантигомен өткізіп, онда 9-раунда қарсыласын текникалық  нокаутпен жеңген болатын.

Ал қарсыласы 31 жастағы Энрике Орнелас 1980 жылы 19 қыркүйекте Гуанажуатода өмірге келген. Кәсіпқой бокс шаршы алаңдағы 40 кездесуінің 33-ін жеңіспен (21-і нокаутпен), жетеуін жеңіліспен (біреуінде нокаутпен) аяқтаған. 2011 жылы 17 желтоқсанда Мексикада 10 раундық кездесуде Хериверто Гутиеррезді 1-раундта техникалық нокатпен жеңген еді. Бұл оның 6 мамырда Германияда Роберт Стилицтен жеңіліс тапқаннан кейінгі екінші жеңісі болатын.

Марлан Жиембай

«ҚазАқпарат»

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар