Қазақстан Парламентінің кейбір депутаттары Ресей президенті Владимир Путинге қарсы шықты. Олардың сөзінше, Қазақстан, Ресей және Беларуссияға ортақ Парламент құрудың қазір қажеті жоқ. Естеріңізде болса, Путин Президенттік қызметіне кіріскен бетте, Еуразиялық одақтың депутаттарын сайлауымыз керек деген болатын.
МҰРАТ ӘБЕНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:-Біз әлі бұрынғы Еуразиялық одаққа қатысты құрылған ұйымдардың ресурсын, потенциалын толығымен пайдаланған жоқпыз. Соны пайдаланғаннан кейін келесі деңгейде бұл әңгімеге келуіміз керек. Әзірше бұрынғы құрылымдардың барлығы өз жұмыстарын атқарып жатыр және әлі де атқаратын жұмыстары көп. Парламенттік деңгейге менің ойымша әлі жете койған жоқпыз. Дереккөз: «31» телеарна
Пікір қалдыру