Ұлттық ғылым академиясының академигі Ғарифолла Есім жаңа Білім және ғылым министріне еліміздегі оқу орындарының оқушыларына 14-22 наурыз аралығында демалыс жариялау туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
«14-22 наурыз аралығын «Наурыз демалыстары» деп жариялауды ұсынамын», - дейді Ғарифолла Есім.
Ғалымның айтуынша, күн мен түн теңелген тұста оқушылар мен студенттердің жас ағзасы демалысты қажет етеді екен.
«22 наурыздан бастап жарық көбейеді, түнгі уақыт қысқарады. Соған сай біз де ағзаны дайындауымыз керек. Осы уақытта әсіресе, жасөспірімдер үшін тынығу керек, бейімделу уақыты қажет. Бұған «Наурыз демалыстары» оңтайлы болар еді», - дейді ғалым.
«Бұл туралы мен мақалаларымда бірнеше рет жазғанмын. Былтырдан бері айтып келеміз. Біздің жаңа білім және ғылым министріміз осы туралы жақсылап ойланып, келесі жылдан бастап демалыс жарияласа болады. Оқу бағдарламаларын сәйкестендіру аса қиын жұмыс емес дейді», - Ғарифолла Есім мырза.
Пікір қалдыру