Нұрәлі Әлиев қызметінен босады

/uploads/thumbnail/20170708225330409_small.jpg

Президент Н. Назарбаевтың үлкен жиені, Астана қаласы әкімінің орынбасары Нұрәлі Әлиев қызметінен босады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Астана әкімінің орынбасарлығында 2 жылдан астам уақыт қызмет атқарған Нұрәлі Әлиев қала әкімі Әділбек Жақсыбековтың өкімімен лауазымынан босатылған.

Ақпаратты Астана әкімдігінің кеңсесіндегілер растағанымен, қала әкімінің баспасөз қызметі қандай да бір ресми мәлімет таратпады.

Ал, әлеуметтік желілерде Нұрәлі Әлиевті қызметінен босату туралы әкім өкімінің суреті таралуда.

«Қамшы» порталы құжаттың нақтылығына кепілдік бермейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар