22 наурызда Ұлыстың ұлы күні Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған «Мың жасаған шаһар» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.
Айтысқа Рүстем Қайыртай, Иранғайып Күзембаев, Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Мусаев, Олжас Отар, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан және республикамыздың, жақын шетел елдердің айтыскер ақындары қатысады.
Іс-шара мақсаты ауыз әдебиетінің ежелден қалыптасқан айтыс өнерінің маңыздылығын арттыру, ұлттық құндылықтарымызды одан әрі дәріптеу.
Ұйымдастыру алқасы айтыстың 22 наурыз күні сағат 15.00-де басталатынын хабарлады.
Айта кетейік, ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен, Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу ресми түрде ЮНЕСКО-ның 2016 жылдың мерейтойлық және атаулы даталар күнтізбесіне енгізілген болатын.
Пікір қалдыру