НҰРӘЛІ ӘЛИЕВ ҚЫЗМЕТТЕН КЕТУ СЕБЕБІН ТҮСІНДІРДІ

/uploads/thumbnail/20170708225429174_small.jpg

Президент  Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиев Астана әкімі орынбасары қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Мен ұзақ жыл бизнеспен айналыстым. Жаңа қаржылық мәселелерді зерттеу мен жетілдіру, компанияның экономикалық әлеуетін арттыру – менің жаныма жағатын жұмыс екен. Сондықтан мен Астана әкімінің орынбасары лауазымынан кеттім. Енді бизнес саласында өзімнің сүйікті ісіммен айналысатын боламын», - дейді ол.

Н. Әлиев Астана әкімінің орынбасары лауазымына 2014 жылы тағайындалған болатын.

Кеше Н. Әлиевті қызметінен босату туралы Астана қаласы әкімінің өкімі шыққаны туралы жазған болатынбыз. 

 

 

Қатысты Мақалалар