Ресей Сирияға жаңа тікұшақтарын жіберген (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708225439798_small.jpg

Ресей Сирияға жаңа әскери тікұшақтар жіберген,- деп хабарлайды «Қамшы» порталы Lenta.ru – ға сілтеме жасап.

Сирия аумағындағы ресейлік Ми-28Н, Ка-52 тікұшақтары «Звезда» телеарнасы мен Рэйтерс агенттігі жариялаған видеоларда да көрініс тапқан.

Басылым бұған дейін Ресей қолбасшылығы Сирия аумағына тек Ми-24 және Ми-35 тікұшақтарын ғана жібергенін жазады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін РФ президенті В. Путин Сирия аумағынан ресейлік әскерилерді шығару туралы пәрмен берген болатын.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар