САУАТСЫЗ БИЛІК СМАРТФОНҒА ТЫЙЫМ САЛДЫ

/uploads/thumbnail/20170708225738100_small.jpg

Қазақстанда шенеуніктер мен полиция қызметкерлеріне смартфон пайдалануға тыйым салынды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мұндай шектеуді полиция күзететін органдардың шешімі деп түсіндірген.

Бірқатар ақпарат құралдары бұл шектеу Астана қаласында жауыздықпен өлтірілген студент Ерасыл Әубәкіровтың мәйіті түсірілген фотоларды полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жариялап жібеуімен байланыстырған болатын.

«Мұның аталған оқиғаға қатысы жоқ. Бұл біз күзететін мекемелердің шешімі. Ал, ана жағдай (Е. Әубәкіровтің суретінің тарап кетуі – ред.) шынымен жақсы нәрсе емес. Біздің жедел қызметкерлер қызметте қолданылмайтын құралдарды пайдаланған. Оларды жазаладық», - деген Қ. Қасымов өзі қарапайым «Нокиа 8800» маркалы қалта телефонын ұстайтынын айтқан.

Әлеуметтік желі қолданушылары мемлекеттік мекемелер мен түрлі кәсіпорындарға орталық билік органдарынан смартфондарды пайдалануға шектеу қою туралы қызметтік хаттар түсіп жатқанын айтуда.

Режимдік мекемелер мен құпия құжаттармен жұмыс істейтін қызметкерлердің ақпарат тарату құралдарын пайдалануына шектеу қоятын нұсқаулықтар мен ережелер бұрыннан бар. Ал, кейбір қызметкерлер мен басшылардың салғырт-салақтығы үшін заманға сай байланыс құралдарына жаппай тыйым салу адам құқын шектеу болып саналмай ма? Ол жағын ашып айтқан ешкім жоқ.

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар