Ұлт намысын ойлаған,
Қос батырды мақтайық.
Даттап жатса кей жандар,
Сөзін сөйлеп ақтайық.
Қос батыр деген ат беріп,
Құр сөзбен қарап жатпайық.
Ат мінгізіп, шапан жауып,
Батырды марапаттайық.
Абыройын елінің биік қойса,
Қазақтың қолдағаны тіпті лайық.
Қос қазаққа жыр арнап,
Өлеңді төгіп тастайық.
Бұл қай қазақ демесін деп,
Басынан бәрін бастайық.
Азияның төрінде,
Аспан асты елінде,
Шанхай деген жерінде.
Ережесіз жекпе жектен,
Әлемнің мықты жігіттері,
Бағын сынап көруде.
Дәл осы өткен сайыста,
Қарсыласын шыдатпаған.
Екі қазақ финалға шығып алып,
Бірін-бірі шалыпта құлатпаған.
Жаны ашып, қаны тартып бауырына,
Аямай ұруғада қол батпаған.
Бұны көрген қытайлар ызаланып,
Қос қандастың қылығын ұнатпаған.
Төрешісі көрсетіп қызыл қағаз,
Екі қазақ жарысты аяқтаған.
Ал, осы сәт бар қазақтың жүрегіне,
Мәңгілілікке өшпестей боп сақталған.
Аз ғана бірер минут көріністен,
Кей қазақ мейірленіп жылап та алған.
Бұл қай елдің бауырмашыл қазағы,
Деген сұрақ аладығой мазаны.
Тілегі бір, жүрегі бір қандастың,
Бөлек еді қайнап жатқан қазаны.
Оның бірі көпшіліктің сарасы,
Айбек атты Қазақия баласы.
Көк туымды желбіретсем деп келген,
Бар едіғой жүлдеге оның таласы.
Қайтсін енді жүлдеденде биікқой,
Ұлтжандылық намысы мен санасы.
Шықты ортаға мықты жігіт,
Миллиардтар елінің серкесі.
Қытайларды мойындатқан,
Жуан екен жұдырығы, желкесі.
Бұл кім десең аты Ғабит,
Қазақтың рухты еркесі.
Туған жері, бөлініп қалған қазақтың,
Шыңжандағы Іле атты өлкесі.
Бұл өлкенің жігіттері мықтығой,
Қанатымыз осы елден шықтығой.
Азаттықты ұрпағы үшін алам деп,
Оспан батыр талай жауды құрттығой.
Қос батырдың естігінде әуенін,
Мақтаныш керней бастады.
Әлеуметтік желіде пікір жазып,
Халқы қолдап қоштады.
Әлемге қазақ жігіттер,
Тектілігін көрсетіп,
Рухты көтеріп тастады!
Айдын Тіленов
Пікір қалдыру