Педофилді піштіру - оңай. Ал, жалаңаш қыздарды қайтеміз?

/uploads/thumbnail/20170708230127603_small.jpg

Бүгін ақпарат құралдары «Қазақстанда педофилдер піштірілетін болды» деген тақырыппен ақпарат таратуда. Әріптестер біршама асығыстық танытқан сияқты. Дұрысы Парламенттің жоғары палатасы пленарлық отырысында Әкімшілік құқықбұзушылық, қылмыстық кодекс сынды бірқатар заңнамаларға педофилдерді жазалау жөнінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын қарап, мақұлдады.

Бірақ, «піштіру» дегені сіз ойлағандай емес. Химиялық жолмен медицина қызметкерлері жүзеге асыратын бір реттік, уақытша шара. Одан ешкім біржола «сондай» боп қалмайтынын сенатор Бірғаным Әйтімова да түсінліріп беріпті.

"Химиялық кастрация - бұл уақытша нәрсе, ол адамға жыныстық зорлық жөнінде ескерту жасау үшін қажет. Сонымен қатар, бұл бір реттік инъекция. Бұл дегеніміз инъекция жасалды, енді ол өмір бойы сондай болып қалады дегенді білдірмейді. Мүлде олай емес. Бұл медициналық ұйымдардың сот шешімі шыққан жағдайда ғана жүзеге асады. Өзгеріс талқыланды, егер біз осылайша тым болмаса бір баланың өмірін сақтап қалсақ, оны істеуге болады деп ойлаймын. Бұл дегеніңіз қалыпты жағдай емес, олар психикалық ауруға шалдыққандар немесе өзге де ауытқушылығы барлар деген сөз. Балаларды қорғау үшін бәрін жасауымыз керек. Бұл жетім балаларға ғана қатысты емес, бұл еліміздің барлық балаларына қатысты. Әлемде мұндай тәжірибе бар және біз де мұнымен күресуге тиіспіз", - дейді Бірғаным Әйтімова.

Біздің айтпағымыз басқа. Адамдықтан алшақ әрекетке барған айуан қандай жазаға тартылса да обалы жоқ. Тіпті, мұндай қылмыскерлерді өлім жазасына кесіп жатса да қарсылық танытпас ешкім. Мәселе, сондай қылмыстарға себеп болатын жағдайлар толық зерттелді ме? Педофилдер психологиясына үңіліп, олардың қандай себептермен жас балаларға қол салуға баратынын зерттегендер бар ма? Міне, осы айтпағымыз.

Педфоилдерге қатысты кастрация шарасын қолдануды ұсынған прокурор мырзалар осы мәселенің себебіне біршама үңіліп, бұған балаларын ашық-шашық киіндіретін ата-аналардың да, мектеп оқушыларының, әсіресе, жоғары сынып оқушыларының жүріс-тұрысына толық бақылау жасамайтын оқу орындарының да кінәсі бар дегендей ой айтыпты. Бұған да назар аудару керек сияқты шынымен...

Қадыр Бек

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар