ҰБТ-ны ақылы негізде қайта тапсыруға болады

/uploads/thumbnail/20170708230112697_small.jpeg

Орта мектеп түлектері Ұлттық біріңғай тестілеуді екі қайтара тапсыруға мүмкіндік алады. Тек екінші жолы сынақты ақылы негізде тапсырады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Білім және ғылым министрлігі таратқан хабарлама негізінде.

«ҰБТ түлектер үшін тағдыр шешті оқиға екенін жақсы түсінеміз. Осы сынақ нәтижесінде біреулер тек оқуға түсіп қана қоймайды, Алтын белгі, мемлекеттік білім гранты иегері атанады. Оның үстіне сынақ тапсырау орталығы бір түлектің үйінің жанында болса, енді бір талапкерлер 200 шақырым жерден арнайы келіп, тест тапсырады. Сондықтан, жастарға екінші мүмкіндік ұсынылуы керек», - дейді министр Ерлан Сағадиев.

Естеріңізге салсақ, өткен жылы ҰБТ тапсыра алмаған мектеп түлектерінің саны 46 мың шамасында болған. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсу бағытында өзгеріп отырғанын айта кету керек. Сөйтіп, жыл сайын 100 мыңға жуық мектеп түлегі жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігінен айрылуда.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар