Павлодар облысындағы жұмыс сапары кезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев еңбек ұжымдарымен кездесуде ене туралы тәмсілмен бөлісті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы pavlodarnews.kz – ке сілтеме жасап.
Мамандық таңдауда қателеспеуді, әрбір адамның өзіне ұнайтын, жанына жақын кәсіппен айналысуы керектігін айтқан Елбасы әңгімесіне ене тақырыбын да өзек еткен.
«Адамның жақсы отбасы болуы керек. Сонда ол жұмыстан шыға салып үйіне асығып тұратын болады. Сондай-ақ, тезірек жұмысқа кетуге асығып тұратындай жақсы енесі болуы керек», - деді ол.
Бұған дейін Елбасы облыстың медицина мамандарымен кездесуінде дәрігерлер туралы анекдот айтып берген болатын.
Пікір қалдыру