Қырғыз-өзбек шекарасындағы жағдай шиеленісе түсті (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708230707139_small.jpg

Жұма күні Қырғызстан мен Өзбекстан шекарасындағы Қырғызстанның Жалал-абад облысы Моғол Ала Бұғы ауданындағы шекара учаскесіне Өзбекстан тарапынан екі БТР техникасы мен екі Камаз көлігі қойылған. Сонымен бірге, 40 шақты өзбек жауынгері де қырғыз жеріне басып кірген болатын.  Өзбекстан тарабы бір жақты шешіммен шекарадағы «Мәдениет» бақылау-өткізу бекетін де жауып тастаған. Ал, «Достық» автобекетінде көлік пен азаматтардың өтуіне шектеу жасаған. Ол шектеу бойынша қырғыз азаматтарының Өзбекстаннан шығуына рұқсат беріліп, Өзбекстанға кіруіне тосқауыл қойылуда. Алайда, өзбек азаматтарына мұндай шектеу қойылмаған.

Бүгін Қырғызстан тарапының да шекараға қосымша күш бағыттағаны белгілі болып отыр. Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі Өзбекстанмен шекараға сауытты техникаларын жіберген.

«Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі өзбек тарапының әрекеттеріне байланысты Жалал Абад облысы Чаласарт Ақси ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін шара қабылдап отыр: шекараның аталған учаскесінде қазір Қырғызстан мемлекеттік шекара қызметінен екі БТР техникасы мен арнайы жасақ бөлінді», - делінге Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі таратқан хабарламада.

Қырғызстан тарапы сондай-ақ, ақпарат құралдарында шекарада атыс болды деген хабардың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«18-20 наурыз аралығында мемлекеттік шекараның аталған учаскесінде қару қолдану оқиғасы болған жоқ», - делінген хабарламада.

Қырғыз БАҚ-тары шекарадағы ахуал арнайы қызметтердің толық бақылауында екендігін және екі мемлекет өкілдерінің келіссөздері жүріп жатқанын хабарлауда. Ол келіссөзде қырғыз елі Өзбекстаннан ауыр техника мен әскерилерді шекара учаскесінен алып кетуді талап етуде.

Жергілікті тұрғындар да Өзбекстан тарапының бұл әрекетіне наразылық білдіруде.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар