«Ақ жол» парламенттегі жеті орыннан дәмелі. Партия оны қалай бөліске салмақ?

/uploads/thumbnail/20170708230900297_small.jpg

Бүгін «Ақ жол» партиясының жетекшісі Азат Перуашев Мәжіліс сайлауына айқын дауыспен жеңіске жеткен «Нұр Отан» партиясының жетекшісі, Ұлт көшбасшысы Нұрұслтан Назарбаевты партия жеңісімен құттықтады. Ол өз партиясының алдыңғы сайлау нәтижесінен аз дауыс жинағанын, алайда, барға қанағат тұтатынын айтты, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Бізге шамамен жеті орын берілуі мүмкін. Орталық сайлау комиссиясы бізге қанша берілетінін жариялауы керек, соны көреміз. Проценттерге қарасақ 0,2 пайызға төмендеу байқалады. Бірақ, ол қорқынышты емес. Бизнесті қолдау мәселелері тұрақтылық пен тыныштықтан кейін, екінші орында тұрады», - деп мәлімдеген А. Перуашев мырза.

Осылайша, жылдағы дәстүрмен «Ақ жол» жетекшісі барды қанағат тұтып, «Нұр Отанның» жеңісін мойындады. Ендігі мәселе, «ақжолдықтардың» билік кесіп берген орынды өзара қалай бөліске салатынында. Осы жерде біраз қызық болғалы тұр. Партия сайлау алдында 35 адамнан тұратын үміткерлер тізімін ұсынған. Алдыңғы шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болған А. Перуашевтің өзі мен Н. Жазылбеков, С. Қадырәлиева, А. Тұртаев сынды саясаткерлер алфавиттік рет бойынша тізімнің төменгі жағында тұр. Тізімді осы ретпен (алфавиттік тәртіппен) бастап тұрған жеті үміткердің біреуі ғана (Азамат Әбілтаев) өткен шақырылым депутаты болған кандидат, қалған алтауы – елдің әр облысындағы кәсіпорын басшылары мен бизнесмендер. Осы жолы интеллигенция атынан партия тізіміне енген ақын, журналист Қазыбек Иса тізімде 16-орында, партияның құрылған сәтінен бастап, орталық органдарында қызмет атқарып келген танымал саясаткер Бөріхан Нұрмұхамедов 27-орында. Демек, егер партия тізімдегілердің орнын қозғалтпай, алфавиттік тәртіппен үміткерлерін Мәжіліске аттандырса, ел танымайтын, есімдері тек бизнес саласына ғана мәлім үміткерлер өтіп кетпек. Бұл партия ішілік келіспеушілік пен жасырын тартыстар туғызбайды деп айта алмайсыз. Олай дейтініміз, алдыңғы сайлау кезінде «Ақ жолдың» партиялық тізіміне Ибрагим Иса, Исраил Сапарбай сынды ақындар, ғалым, экс-депутат Амангелді Айталы енгенімен, сайлау нәтижесі шыққанда парламентке өтпей қалған. Сол кезде аталған ақындардың өздері реніштерін ашық білдірмегенімен, былайғы қолдаушылары партия басшылығына наразылықтарын танытпай қоймады. Бұл жолы қалай болар екен? Ол туралы партия басшылығы әзірге ашып ештеңе айтпай отыр. Аз күнде ол да белгілі болар.

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс сайлауына ұсынылған үміткерлердің толық тізімі:

Азамат Әбілтаев – Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Кеңес Абсатиров – кәсіпкерлер палатасы Орал өңірлік өкілдігінің басшысы;

Қайрат Айтбай – «Тараз металлургия зауыты» басқарма төрағасының орынбасары;

Руслан Арынғазин – Павлодар құбыр прокат зауытының басшысы;

Әсет Атабаев - Odyssey Investments Group заң департаментінің директоры, Астана.

Ерлан Барлыбаев – партия төрағасының орынбасары, «Экибастузэлектросеть» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;

Дмитрий Васильев – партияның алматы филиалының төрағасы, «Казавтобуспром» АҚ басшысы;

Жанар Жандосова - директор исследовательского центра «Сандж» зерттеу орталығының директоры, «Transparency-Казахстан» жемқорлыққа қарсы агенттігінің негізін қалаушы;

Жаңбырбай Доспаев - Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының төрағасы, «Султан» ЖШС директоры.

Берік Дүйсембинов – партия орталық кеңесінің хатшысы;

Талгат Ерғалиев – Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

 Серік Ерубаев - «Атырау construction services» ЖШС директоры.

Дания Еспаева - «Казкоммерцбанк» Ақтөбе облыстық филиалының басшысы;

Нұрлан Жазылбеков - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Махаббат Жутаев – партияның Қостанай облыстық филиалы төрағасы, кәсіпкер;

Қазыбек Иса – партия төрағасының орынбасары, «Қазақ үні» газетінің президенті;

Светлана Қадырәлиева - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Меруерт Казбекова - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Қайырбек Кемеңгер – Л. Гумилев атындағы ЕҰУ кафедра меңгерушісі;

Евгений Кинцель - «Закон и право» ЖШс директоры;

Азиз Қожамбетов – кәсіпкер, Қызылорда;

Андрей Линник - «Форпост» БК бас директоры;

Хаджимурат Льянов - «Төрт құдық» ЖШС басшысы, Қостанай;

Лилия Мергалиева - профессор, М. Өтемісұлы атындағы БҚМУ кафедра меңгерушісі;

Болат Момышев- «Фабрика ПОШ» ЖШС директоры, партияның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы;

Екатерина Никитинская – ФИНАКСА қауымдастығының төрағасы;

Бөріхан Нұрмұхамедов – Ұлттық зерттеулер институтының директоры, Алматы;

Анарбек Орман - «Водные ресурсы-Маркетинг» ЖШС президенті, партияның ОҚО филиалының төрағасы;

Азат Перуашев – партия төрағасы;

Мақсат Раманқұлов – «Mabex» ЖШС бас директоры, Астана;

Аскар Смағұлов – партияның Астана филиалының төрағасы;

Абдразах Султанов – партияның орталық аппарат хатшысы;

Серікбай Ташенов - «BI-group» ЖШ жоба жетекшісі, Астана;

Олжас Тоқтаров - «Астана» банкі директорлар кеңесінің төрағасы;

Алмас Тұртаев - Ү шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар