Кешелі бері ақпарат құралдары мен әлеуметтік желі қолданушылары қазақстандық арудың Chanel сән үйі мұрагері Дэвид Вертхаймерге тұрмысқа шығатынын жарыса жазуда, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Талайды таң қалдырған Тоғжан Ізбасарова кім еді? Көз жүгіртейік.
Екі жастың үйлену тойы өткен демалыста өткен. Тойға екі жақтың етжақын туыстары мен достары ғана іріктеп шақырылыпты. Салтанатты шарада Тоғжан Карл Лагерфельд көйлегін киген. Тойдың бірінші бөлігі киіз үйде өтіпті.
Тоғжан Ізбасарова – атақты КИМЭП түлегі. Мамандығы – журналист. Жасы – отызда.
Фейсбуктегі парақшасындағы мәліметтерге сүйенсек, ол Женевада тұрады және медиа-коммуникация мамандығы бойынша білім алуда.
Пікір қалдыру