Түріктің «Лира» жүк кемесі Қырымда Керчен бұғазы арқылы салынып жатқан көпірді соғып кетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы FlashCrimea-ға сілтеме жасап.
Оқиға 19 наурыз күні болған, алайда, ол туралы ақпарат тек бүгін тарап отыр.
«Жүк кемесі Тузла аралы мен фарватер арасында салынып жатқан №2 көпірдің тіреуішіне соғылған», - дейді «Тамань» федералды автожолдар басқармасының өкілі.
Апаттан ешкім зардар шекпеген, тек көпірдің бір тіреуіші түгелдей қирап қалған.
Көпірді қиратқан кеме Turkuaz Shihhing Corp компаниясына қарасты, ал, оның капитаны Түркия азаматы екенін айта кеткен жөн.
Пікір қалдыру