Нидерландыдағы ҚР Елшілігінің консулдық бөлімшесі қазақстандықтарға Брюссельдегі терактілерге байланысты адамдар көп жиналатын орындардан мейлінше аулақ жүруге кеңес береді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Құрметті отандастар! 22 наурызда Брюссельде (Бельгия Корольдігі) орын алған терактілерге байланысты, Нидерланды Республикасындағы Қазақстан Елшілігінің консулдық бөлімшесі сіздерді адам көп жиналатын орындарға уақытша бармауды сұрайды», - делінген Елшіліктің таратқан хабарында.
Төтенше жағдай орын алған жағдайда, консулдық бөлімшеге мына телефон нөмірлері арқылы қоңырау шалуға болады: 070 427 22 20, 06 81 86 94 38.
Еске сала кетейік, Брюссель әуежайында 22 наурыз күні екі бірдей жарылыс болды. Әлемдік БАҚ хабарлауынша, салдарынан 13 адам қаза тапты. Кейін арасына бір сағат салып, қала орталығында орналасқан «Маэльбек» метро стансасында вагон ішінде тағы бір жарылыс орын алды. Онда кемінде 15 адам көз жұмды.
Пікір қалдыру