Рүстем Қайыртай – Алматы мерейтойына арналған айтыс жеңімпазы (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708230921579_small.jpg

Ұлыстың ұлы күні Алматы қаласы мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Өмірбек Жолдасбеков атындағы студенттер сарайында Алматы қаласының 1000 жылдық мерейтойына арналған «Мың жасаған шаһар» атты халықаралық ақындар айтысы өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Айтысқа Рүстем Қайыртай, Иранғайып Күзембаев, Аспанбек Шұғатаев, Нұрлан Мусаев, Олжас Отар, Жансая Мусина, Мейірбек Сұлтанхан және республикамыздың, жақын шетел елдердің айтыскер ақындары қатысты.

Қазылар алқасының шешімімен «Мың жасаған шаһар» ақындар айтысының Бас жүлдесін айтыскер ақын Рүстем Қайыртай жеңіп алды. Ақынға 2 миллион теңгенің сертификаты сыыйланды.

Бұдан бөлек, ұйымдастыру алқасы айтыскерлерге құны 300 мың теңгелік үш 3-орын мен 500 мың теңгелік екі 2-орын, 1 миллион теңгелік бір 1-орын жүлделерін табыс етті.

Айта кетейік, ЮНЕСКО Бас конференциясының 38-ші сессиясының шешімімен, Алматы қаласының 1000 жылдығын мерекелеу ресми түрде ЮНЕСКО-ның 2016 жылдың мерейтойлық және атаулы даталар күнтізбесіне енгізілген болатын.

Ерлан Төлеубай

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар