Алматыда «Театр көктемі – 2016» фестивалі басталады

/uploads/thumbnail/20170708231029861_small.jpg

М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында 24-27 наурыз аралығында өтетін «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2016»   фестивалі қазақ сахнасының көзі тірі аңызы, көрнекті актриса, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба ЕЛЕБЕКОВАНЫҢ 100 жасқа толуына арналады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Жыл сайын наурыз мерекесі және 27 наурыз Халықаралық театр күніне орайластырылып өткізілетін бұл  дәстүрлі фестиваль театрдың бүгінгі бағыт-бағдарын анықтауға, репертуар саясатындағы өзіндік ізденістеріне драматургия, режиссер, актер өнерінің бүгіні мен ертеңіне зерделеуге  мүмкіндік береді.

Театр тарландарын еске алып, қарашаңырақта қазір еңбек етіп жүрген есімі елге танымал аға, ортабуын актерлердің жаңа еңбектеріне, сондай-ақ жаңа буын, жас буынның кәсіби шыңдалу мектебіне баға беруді мақсат етеді.

«Фестивальде көрермендерге ұсынылатын «Ай мен Айша» драмасы мен «Қаза мен жаза» криминалдық драмасы өткен маусымның премьералары болса, қалған екеуі 90- маусымның премьералары.

90 маусым театр үшін толағай табыстармен басталды. Тараз қаласында аталып өткен  Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесінде  М.Әуезов театры «Қилы жол» тарихи драмасын ұсынды. Тарихи-патриоттық тақырыптағы бұл  алаңдық қойылым еліміздің сахна өнері тарихындағы ғана емес, рухани тәжірибесі орайынан да  аса сәтті мегажоба.  Театр ұжымы Қырғызстанда өткен «ARD ORDO» Халықаралық фестиваліне қатысқан «Қас-қағым» (реж. Е.Нұрсұлтан) трагедиясымен Бас жүлде, Атыраудағы Р.Отарбаев атындағы Халықаралық фестивальден «Бейбарыс сұлтан» (реж. Ю.Ханинго-Бекназар) тарихи драмасымен қатысып, Бас жүлде алып қайтты.

Фестиваль күндері режиссерлер, актерлер мен көрермендер арасында кездесу өткізіледі.

«Театр көктемі» фестиваліне арналған театр музейі қорынан көрме ұйымдастырылады.

«Театр көктемі - 2016» фестивалі Алматы жұртшылығына және қонақтарына үлкен қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтынына сеніміміз мол!», - делінген театрдың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Хабиба ЕЛЕБЕКОВАның 100 жылдық және «М.Әуезов театрының» 90 жылдық мерейтойларына арналған  «ТЕАТР КӨКТЕМІ-2016» атты фестивалінің кестесі:

Уақыты

Өтетін орын

Өткізілетін іс-шаралар

24 наурыз

1

14:00-15.00

Кіші зал

Еврипид. «Медея» .Өзіндік жұмыс.

2

16.00-17.00

ІІ-фойе

Баспасөз мәжілісі

3

17.00-17.30

Фотокөрменің ашылуы

І кезең (1926-1956 жж.)

4

18.30-18.45

Үлкен зал

Театр актерлерінің салтанатты шеруі.

5

18.45-19.00

Үлкен зал

М.Әуезов театрына 90-жыл.

Баяндамашы ғылым докторы Б.Нұрпейіс.

6

19.00де

Үлкен зал

Фестивальдің салтанатты ашылуы. Театр директоры Е.Біләлдің кіріспе сөзі.

7

19.00-21.00

Үлкен зал

 «Қаза мен жаза» спектаклі.

25 наурыз

1

13.30-14.00

Фотокөрме

ІІ кезең (1956-1986 жж.)

2

15.00-16.45

Кіші зал

 «Қоштасқым келмейді...» спектаклі

3

18.30-20.50

Үлкен зал

 «Ай мен Айша» спектаклі

26 наурыз

1

14.00-15.30

Кіші зал

 «Лир». Өзіндік жұмысы. (У.Шекспирдің  «Лир патша» трагедиясының негізінде)

2

16.00-16.30

Фотокөрме

ІІІ кезең (1986-2016 жж.)

3

18.30-20.50

Үлкен зал

 «Алмас қылыш» спектаклі

27 наурыз

1

11:00-12.45

Х.Елебекова атындағы

 «Театр көктемі-2016» фестивалінің жабылу салтанаты.

Жүлдегерлерді марапаттау рәсімі.

2

18.30-20.30

М.Әуезов театрының 90- жылдығына арналған салтанатты кеш

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар