Қытайда дәрі-дәрмек дауымен 37 адам қамалды

/uploads/thumbnail/20170708231049064_small.jpg

Қытайда дәрі-дәрмектерді заңсыз сатумен айналысты деген  күдікпен 37 адам қамауға алынды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Тергеушілердің мәліметінше, олар құтыру, В гепатиті және полиомелитке қарсы вакциналарды жоғары бағамен қайта сатумен айналысқан ірі желінің ізіне түсті.

Бизнесті Шаньдун провинциясында ұсталған келіншек пен оның қызы ұйымдастырған. Хабарланып отырғандай, олар 2011 жылдан бастап лицензиясы бар және заңсыз өндірушілерден дәрі-дәрмектер сатып алып, оларды қара базарда немесе ауруханаларға сатқан, деп жазады ВВС.

Бұл ретте дәрі-дәрмектерді сақтау және тасымалдау талаптары сақталмаған. Бес жылдың ішінде әйел заңсыз саудадан 88 млн. доллар пайда тапқан. 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар