Алматы мәслихатына «Нұр Отан», «Ақ жол» және «Ауыл» партияларының депутаттары өтті

/uploads/thumbnail/20170708231048017_small.png

Алматы мәслихаты да үш партия депутаттарынан жасақталды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Қалалық өкілетті органға «Нұр Отан» партиясынан 35, «Ақ жол» мен «Ауыл» партияларынан бір-бір депутаттан өткен.

Алматы аумақтық сайлау комиссиясы төрағасы Бақытжан Доспановтың айтуынша, 37 депутаттың барлығы жоғары білімді, жетеуі әйел көрінеді.

Олардың ішінде Кенжехан Матыжанов, Қали Сәрсенбай, Ислам Байрамуков, Рахман Алшанов сынды республикаға танымал азаматтар бар.

Сайлау комиссиясының төрағасы қаладағы 532 сайлау учаскелеріне тіркелген 1538022 сайлаушының 353965-і, яғни 34,1 пайызы сайлауға қатысып, өз конституциялық құқықтарын пайдалаған.

 

 

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар