ОБАМА КЕЛІНШЕГІНІҢ КӨЗІНШЕ БӨТЕН ӘЙЕЛМЕН ТАНГО БИЛЕДІ (ВИДЕО)

/uploads/thumbnail/20170708231051783_small.jpg

АҚШ Президенті Барак Обама отбасымен Аргентинаға сапары барысында Танго биін билеп берді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Оқиға АҚШ президенті келіншегімен Аргентина басшысы Маурисио Макри жайған дастархан басында болған. Құрметті қонақтарға өнер көрсеткен кәсіби бишілер мәртебелі меймандар тост сөйлеп болған соң батыл қимылға барған. Биші қыз, бәлкім келіншек, АҚШ президентіне жақын келіп, оны биге шақырған. Барак Обама басында қарсылық танытқанымен, оңай көніп, би алаңына шыққан. Обаманың жұбайы Мишель де қарап қалмай, кәсіби бишімен аргентиналық биді билеу мүмкіндігін пайдаланған.

Президенттік отбасының бұл биі TheObamaDiary.com-ның YouTube желісіндегі арнасында жарияланды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар