Нұртас Адамбай Тараз туралы фильмнің түсірілімін бастады (ВИДЕО, ФОТО)

/uploads/thumbnail/20170708231359520_small.jpg

Қазақстандық жас режиссер Нұртас Адамбай «Тараз» фильмінің түсіріліміне кірісті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы zhambylnews.kz – ке сілтеме жасап.

«Сәбина Келін-2» фильмінің премьерасын өткізе сала режиссер келесі жұмысты бастап кеткен. Бүгінде ол өзінің туған қаласында жаңа картинаның түсірілімін жүргізуде.

Тараз қаласы туралы киноға қылмыс әлемінің қыр-сыры, бұзақылардың төбелестері мен қаланың былайғы жұртқа беймәлім өмірі арқау болатын көрінеді. Ал, бұл фильмде Нұртастың өзі қандай рөл сомдайтыны әзірге белгісіз болып отыр.

«Тараздың» тұсаукесері осы күзге жоспарлануда.

"Күз немесе қыс айларында фильмнің премьерасын өткіземіз деген жоспарымыз бар. Жылдың аяғына дейін көрермендердің назарына ұсынамыз", - дейді Нұртас Адамбай

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар