Өңірлердегі әкімдердің ақпарат құралдарының өкілдерін «қара тізімге» енгізуге хақысы жоқ. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде журналистердің сұрағына жауап берген Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі министр Талғат Донақов осылай деді, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

«Қазір ақпараттың ашықтығы туралы заң жұмыс күшіне енді. Заңда тайға «Ақпаратты шектеуге болмайды» деп анық жазылған. Сондықтан да əкімдердің журналистерді «қара тізімге» енгізуге қақысы жоқ. Керісінше, заңда ақпаратты шектеген адам жазаға тартылатыны да айтылған. Сондықтан, бəріміз осы заңға бағынуымыз керек»,-деді министр Т. Донақов.
Ал, вице-премьер Дариға Назарбаева осы заңда мемлекеттік органдар мен орталық жəне жергілікті атқарушы органдарды кез-келген құжат қабылданғаннан кейін үш күннен соң интернетке жариялауды міндеттейтін норма болғандықтан ақпаратты шектеу мəселесі өзінен-өзі жойылатынын айтады.