Алматыда «Жарқын болашақ-2016» олимпиадасы өтті

/uploads/thumbnail/20170708231948322_small.jpg

Алматыдағы  мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатында «Жарқын  болашақ» VIIІ  республикалық  «KATEV»  қазақ  тілі  олимпиадасының республикалық кезеңі  өтті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және дамыту, әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәндері бойынша ерекше дарынды оқушыларды анықтау және оларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылып жүрген олимпиаданың ұйымдастырушылары – ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «KATEV» Халықаралық қоғамдық қоры.

Олимпиаданың ашылуы салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаумен басталды. Салтанатты жиында олимпиадаға қатысушыларды лицей директоры Йогуртджу Ясин құттықтап,  оларға сәттілік тілеп, жақсы нәтижеге жетулеріне  тілектестік білдірді.

Осы республикалық додаға Қазақстанның әр аймағынан  қалалық кезеңде бірінші орын алған  7-11 сынып оқушылары қатысып, бақ сынасты.

Олимпиада «Сөз шеберлері», «Жас ғалымдар», «Жазушылар», «Тілші-әдебиетшілер», «Әнші-бұлбұлдар» сынды бес конкурс  бойынша қазақ және өзге ұлт топтарына бөлініп өткізілді.

Еліміздің түкпір-түкпірінен келген  ұландарымыз бен аруларымыз  өз өнерлерімен, білімдерін көрсетумен қатар Алматы қаласындағы Сулейман Демирел университетіне, «Медеу» мұзайдынына, Президенттік саябаққа, «Мега» ойын-сауық кешеніне саяхат жасап, қаланы тамашалады.

136 оқушының басын қосқан республикалық доданың жеңімпаздарын марапаттау  Сулейман Демирел университетінде салтанатты  түрде өткізілді.

Жүлдегерлер І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдармен, медальдармен, сыйлықтармен марапатталды. Республикалық олимпиаданың нәтижесі бойынша 11 оқушы бірінші орынға, 20 оқушы екінші орынға, 33 оқушы үшінші орынға ие болды.

Жеңімпаздардың есімі келесі ретпен анықталды:

 «Жас  ғалымдар» конкурсы (қазақ тобы)

1- орын: Балғабай Айкен (Астана қаласы)

2-орын: Рахмет Назым  (Алматы  қаласы), Уланова Айғаным (СҚО)

3-орын: Сәбитова Іңкәр (Жезқазған қаласы), Мағазбеков Нұр  (Семей қаласы) Алиайдар Аслан (Есік қаласы)

 

«Жас  ғалымдар» конкурсы (өзге ұлт тобы)

1- орын:  Абдурашитов Бахтияр  (ОҚО)

2-орын: Янке Евгений (Қарағанды), Акбарова Айгерім (Қостанай облысы)

3-орын: Мухаметдинова Эльнара  (Қызылорда облысы), Ачилова Анастасия (Алматы облысы, Талдықорған), Радионова Анастасия  (Өскемен қаласы).

 

«Сөз шеберлері» конкурсы (қазақ тобы)

1- орын: Бекболат Жаннұр  (Қызылорда облысы)

2-орын: Маманов Серікжан  (Ақмола облысы,Көкшетау),  Ешназарова Лаура (Қостанай облысы)

3-орын: Мамыр Ақжол (ОҚО), Тайменова Назым (Өскемен қаласы), Жолдасова Асель( Семей қаласы), Серғалы Мәліке (Есік қаласы)

 

«Сөз шеберлері» конкурсы (өзге ұлт тобы)

1- орын: Мурашева Дина (Ақмола облысы, Көкшетау)

2-орын: Надиров Султан (СҚО), Закиряева Зилола (ОҚО)

3-орын: Диденко Кристина  (Алматы облысы,Талдықорған), Ибдиминова Гулнара (Есік қаласы), Хасанова Дамира ( Семей қаласы), Текжан Бенгу (Алматы қаласы)

 

«Жазушылар» конкурсы (қазақ тобы)

1- орын: Дінсіләмова Аружан ( Семей қаласы)

2-орын: Ермеков Еркін (Алматы облысы,Талдықорған), Байділдахан Сара (Алматы қаласы)

3-орын: Сыланова Айжан (Қызылорда облысы), Балтабек Нұрислам  (ОҚО), Махамбетова Ұлжан (Алматы қаласы) ,Тілеген Көгершін (Павлодар ), Канал Ақмарал (Есік қаласы)

 

«Жазушылар» конкурсы (өзге ұлт тобы)

1- орын: Ошурова Арзигул (Есік қаласы)

2-орын: Дзортова Аяна (СҚО), Карасманова Наргиза (Жамбыл облысы)

3-орын: Архипова Алена (ОҚО )

 

«Әнші-бұлбұлдар» конкурсы (қазақ тобы)

1- орын: Әсет Алтынай (Есік қаласы), Жаңабаев Абзал (Алматы қаласы)

2-орын: Оразов Айдос (Семей қаласы), Кәмелбекқызы Гүлбаршын (Алматы қаласы)

3-орын: Жазықпаев Бекболат (Қостанай облысы), Оразымбетова Ұлжалғас (ОҚО), Бөген Диас (Қарағанды), Нурмуханова Индира (Астана)

 

«Әнші-бұлбұлдар» конкурсы (өзге ұлт тобы)

1- орын: Ковальчук Екатерина (Қостанай облысы)

2-орын: Джафаров Эйтибар ( Жамбыл облысы), Уланов Игорь ( СҚО)

3-орын: Найверт Екатерина  (Семей қаласы), Ким Павел (ОҚО ), Михайлова Татьяна (Павлодар)

 

«Тілші-әдебиетшілер» конкурсы (қазақ тобы)

1- орын: Аблаева Ажар (Жамбыл облысы)

2-орын: Әбілда Қызжібек (Қызылорда облысы), Муслманбекова Назерке (Жезқазған)

3-орын: Катай Гульмайдан (Қостанай облысы), Қалмұрат Естай (Алматы облысы, Талдықорған), Әмірбаева Шолпан  (Семей қаласы)

 

«Тілші-әдебиетшілер» конкурсы (өзге ұлт тобы)

1- орын: Вюшкина Виктория (СҚО)

2-орын: Касимова Гулзара (ОҚО), Свириденко Алена (Өскемен қаласы)

3-орын: Кучумидзе Екатерина (Жамбыл облысы),  Озер Айсель ( Алматы қаласы), Лукьяненко Артем (Қарағанды).

 

 

Қатысты Мақалалар