Оралда тоғызқұмалақтан ұлдар мен қыздар арасында өткен ел чемпионаты мәреге жетті, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы 24kz-ке сілтеме жасап.
Зияткерлік сайысқа еліміздің барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 250 ойыншы қатысты. 10, 12 және 14 жас аралығындағы жасөспірімдер классика және блиц түрлері бойынша шеберлік байқасты.
Жарыс нәтижесінде классика түрінен 10 жас дәрежесі бойынша қарғандылық Шыңғыс Қойшыбай мен қызылордалық Жұлдыз Мұңайтпасованың бағы жанса, 12 жаста Жамбыл облысының ұланы Ернұрсұлтан Боранбай мен павлодарлық Аяжан Егінбай жеңіске жетті.
Ал, 14 жастағы спортшылар арасында қызылордалық Дамир Ахметов пен Аақтөбелік Гүлжанат Алдабергеновалар алдына жан салмаған.
Дәулет Әбдікәрім, жарыстың бас төрешісі:
- Бұл чемпионаттың мақсаты – алдағы Қытай елінде өтетін Азия чемпионатына іріктеу. Сондай-ақ осы Қазақстан Республикасы құрамасына спортшыларды іріктеу. Көбіне мектепте үздік, озат, жақсы оқитын балалар ойнайды. Көп ата-аналар айтып жатады, осы тоғызқұмалаққа келгелі балаларымыздың математикасы түзелді деп, ол да біз үшін өте қуаныш.