15-шекарашы табылды

/uploads/thumbnail/0_small.jpg

 «Арқанкерген» шекара бекетінің соңғы шекарашысы тірі күйде табылды» деп хабарлайды «Интерфакс-Қазақстан».

«Кеше ол шекара бекетіне өзі келді. Өзімен бірге тапаншасы болды. Оның психикасы бұзылған сияқты, меңіреу қалып танытты», - деп жеткізді агенттік дереккөзі. Әскери қызметкердің сөзіне қарағанда, ол осы уақыттар бойы жақын маңайдағы үңгірде жасырынған көрінеді.

30 мамырда «Шығыс» шекара қызметінің аймақтық басқармасы Үшарал шекара отряды «Сары бөктер» заставасының шекара жасағы тау арасынан жаз мезгілінде 15 шекарашы қызмет ететін «Арқанкерген» шекара бекетінің өртенген ғимаратын тапқан еді. Онда жанып кеткен 13 адамның сүйегі табылды. Кейіннен тағы екі шекарашының денесі мен бекетке жақын маңда орналасқан орман қорықшысының мәйіті табылды. Оқиға орнында Шекара қызметінің директоры, генерал-майор Нұржан Мырзалиевтің басшылығымен және ҚР ІІМ-нің Бас әскери прокуратурасының өкілдері мен мамандарының қатысуымен жедел іздестіру тобы жұмыс істеуде.

Еуразия бірінші арнасы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар