Оңтүстік Кореяның барабаншысы А-Ен (A-Yeon) ғаламтор қолданушы ер-азаматтардың ерекше «ықыласына» бөленді, - деп хабарлайды Qamshy.kz life.ru – ға сілтеме жасап.
Корсет пен шөлкиден тұратын ерекше киім үлгісінде түскен барабаншы қыздың видеолары интернет қолданушылар арасында қызу тарауда.
Guns’n’Roses тобының хит әнін ұрмалы аспаптарда ойнаған А-Еннің барабанына да, басқасына да көз тігушілер аз емес сияқты.
К-поп стиліне маманданған Оңтүстік Кореялық барабаншы А-Ен Bebop қыздар ұжымында өнер көрсетеді. Телевизиялық форматтағы түрлі жобаларға қатысқан ұжым бүгінде зор танымалдылыққа ие болуда. Алайда, әлеуметтік желі қолданушыларының бірі түсіріп алған кездейсоқ видеодан соң ұжым ішінде А-Еннің танымалдылығы ерекше арта түскен.