Әнші Бейбіт Қорған бастаған өнер адамдары соңғы кеде қоғамның көп талқылауына түсіп, елдің наразылығын білдірген жер мәселесіне қатысты пікірлерін білдірді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
Бұл туралы әнші Бейбіт Қорған әлеуметтік желілерде жазды.
«Ассалаумуағалейкум ағайындар! Біз өнер адамдары атынан хат жолдаймыз, барлықтарыңызға! Өкіметтен қорықпай,шындықты да айта аламыз! Өнер адамы болғанмен де,халықтың тармағы екенімізді ешқашан ұмытпағанбыз және ұмытпаймыз да! Егер жерімізге жау келсе, қару алуғада,әрине әнді тастап соғысуға да дайынбыз! Сондықтан сабырлыққа шақыратын амалдан басқа айтарымыз жоқ! Өйткені, біздің жерімізді алайын деп жатырған ешкім жоқ! Немесе соғыс ашып жатырған да ешкім жоқ! Тек араға іріткі салатындар көп! Әсіресе, сырт қоғамдар! Мүмкін көрші мемлекеттер?! Барлығымыз бір болайық! Сабырлы болайық! Ал егер халыққа қатты зияндық жасап жатса,ол зияндықты бізде сезіп құр отырмаймыз! Бізді көтеретін де,түсіретін де Алла! Және Қазақ халқы!», - дейді Бейбіт Қорған.

Бұған дейін Сәкен Майғазиев, Алтынай Жорабаева, Роза Әлқожа, Төреғали Төреәлі бастаған бірқатар әншілер де жер сатуға қатысты ойларын айтқан болатын.