Лаура Сейітбекова «Қайрат Нұртас Мәдениет министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды» деген хабардың фейк екенін жеткізді. Сондай-ақ әншінің директоры егер Nur.kz сайты осындай өсек-ақпарларын доғармаса құзырлы органдарға шағымданатынын жеткізді, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.
Бұл туралы әншінің директоры әлеуметтік парақшаларында жазып, аталмыш сатқа ескерту де жасады. Ал оқырманға жалған ақпараттың қалай тарағанын түсіндірді.
«Ақпарат тарап, әлеуметтік желілерде талқыланып кеткеннен кейін ғана Nur.kz сайтының журналистері хабарласты. «Бұл ақпарат рас па?» деп сұрады. Мен «қыздар, сіздер тым кеш звондап тұрған жоқсыңдар ма? Сіздер таратқан ақпараттарыңызға сенімді болдыңыздар ма?» деп сұрадым. Сонда барып олар «бұл қалжың ба не?» дейді. «Білмеймін, керісінше мен сіздерден сұраймын, мұндай ақпаратты қайдан алып таратып жүріздер? Ақпартты таратпастан бұрын тексеріп алмадыңыздар ма?» дегеніме олар әлдекімнің әлеуметтік желі парақшасында жазғанын айтты. «Жақсы. Сіздер бірінші звондап, ақпаратты тексеріп барып, сайттарыңызға жазбайсыздар ма?» дедім мен. Жоқ, олар бірінші ақпартты таратып, сосын барып сұрайды жөн-жосығын», - дейді Қайрат Нұртастың директоры Лаура Сейітбекова.
Лаура Сейітбекова «Қайрат Нұртас ҚР мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі болды» деген ақпаратты таратқан Nur.kz сайтының журналситері өздерінің кәсіби еместігін көрсетті және ҚР БАҚ туралы Заңын бұзды деп есептейді. Сондай-ақ, Сейітбекова сайт журналистері жалған ақпаратымен әнші Қайрат Нұртастың имиджіне залал келтірді деп санайды. Оның айтуынша бұдан да өзге мәселелермен сайт әкімшілігімен бірнеше қақтығыстар туындаған. Қоғамдық пікірталас тудырған материал өшірілгенімен, әншінің директоры аталмыш порталды соңғы рет кешіретінін жеткізді.
«Егер осындай жағдай қайталанатын болса, біз ескертіп жатпаймыз, бірден полицияға шағымданатын боламыз. Біз оларға заң мен журналистік этиканы сақтауын талап етеміз. Мен әлгі сайт журналистеріне жұртқа жалған ақпарат, өсек-аяң таратпауға кеңес беремін», - дейді Қайрат Нұртастың директоры.
Естеріңіезге сала кетейік, кеше 28 сәуірде Nur.kz порталы «Қайрат Нұртас ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің вице-министрі болып тағайындалды» деген ақпарат таратқан болатын.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Қайрат Нұртастың вице-министр болып тағайындалуы туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын.
"Арнайы талаптар, тәртіптер бар. Жаңа заңнамада өте қатаң талаптар белгіленді. Мысалы, сіздер журналист болып жұмыс істейсіздер, кейін бөлім меңгерушісі, одан кейін жетекші, басқарма төрағасы боласыздар. Барлығымыз осы жолдан өттік. Осылардың бәрінен өту керек", - деп пікір білдірген министр.