"Қазақстан аруының" ерлерге көңілі толмай жүр

/uploads/thumbnail/20170709005248798_small.jpg

«Қазақстан ару-2014» атанған Регина Вандышева қазіргі ерлердің өмірге жеңіл көзқараспен қарайтынын айтып, жазба жазды.

Регина Instagram парақшасында жазған постын шынайы философиялық ойлы жазба деп бағалайды.

«Ең бастысы, еркектің адалдығы. Ішпейтін, шекпейтін  болса, қыздар жақсы көреді және құрметтейді», - дейді Регина Вандышева.

Вандышеваның сөзінше, ол өзі туралы жағымсыз әңгімелерді естіген.

«Мен өзіме қатысты көп жағымсыз әңгімелерді естимін. Сыртымнан тым жасампаз, ерке, жеңілтек деп айтады.  Адамдар суретке қарап та қорытынды шығарып, ой айта береді. Олай болмайды ғой. Көп біліп, аз талқылау керек деп жатады емес пе? Мен өзіме 100% сенімдімін. Адалдық пен кішіпейілділік адамды, әсіресе қыз баласын әдемі көрсетеді», - дейді Вандышева.

Экс-ару ары қарай сөзін қазіргі еркектер туралы әңгімесімен жалғады.

«Еркектер туралы... Сіздер қалай бір қыздан екінші қызға кетесіздер, өзін жақсы көргенді ұнатасыздар... Ластықтың шеберісіздер! Өзімшіл, өзін ғана сүйетін, өзіне ғана сенімді... Сонымен қатар, «Бізге, еркектерге бәрі болады, біз мінсізбіз» деп ойлайсыздар», - дейді Регина.

 «Қалай дегенде де, біздің ата-әжелерімізде басқаша махаббат, бағалы, шынайы, таза сезім болды. Мұнда, Питерде қарт адамдардың қол ұстасып серуендегенін тамашалаған керемет. Олар өмір бойы бір-бірінен ешқайда кетпей, өмірінің соңына дейін бірге келе жатыр...» деп қызығады Регина.

Осы жазбадан кейін Регина Вандышеваның оқырмандары қызу пікірталаста болды. Кейбірі арудың айтқандарымен келіссе, енді біреулері ерлерге жоғары талап қоятынын айтып жатыр.

Ал қазіргі ерлерге көңілі толмайтын Регина жеке басына қатысты ер адамға қоятын талаптары туралы әзірге тіс жармады.

 

Қатысты Мақалалар