Қазақстандық турист Біржан Өмірзақов 9 мамырда Вриндаван қаласында өлі табылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«Қазақстандық Біржан Өмірзақов елге туристік визамен келген. Ол Вриндаван полициясы учаскесіне қарайтын Никунж Ашрамда кеше кешкілік (8 мамырда) бөлмені жалға алған», - дейді үнді полицейлері.
Таңертең ол есігін ашпаған соң полицияға шұғыл хабар берілген. Олар бөлмеде мәйіттің үстінен шықты.
Полицейлердің айтуынша, Қазақстан елшілігіне бұл оқыс оқиға жайлы хабарланған.
Пікір қалдыру