Дидар Аяпов есімді Фейсбук қолданушысы елімізге танымал Ерсін Әміре, Арман Қуанышбаев, Әбдіғаппар Сманов сынды дін насихатшыларына жақын уақытта пір табуға кеңес берді, - деп хабарлайды Qamshy.kz.
«Сіздерге араб елдерінде оқып, ілім алғандарыңызбен ихсан, тассавуф ілімін алмай пасық болып қала беретіндеріңізге куәлік беремін. Сондай-ақ, осы күнге дейін Сіздердің бір пірге қол беріп, соның ихсан ілімінде тәрбие алмағандарыңызға да куәлік беремін», - деген ол молдаларға қандай тариқаттан болсын пір табуға кеңес берді.
«Пірсіздің пірі – шайтан» деген қазақ сөзін алға тартқан Д. Аяпов аты аталған азаматтарды ихсан ілімін игермеген, нәпсілерін тәрбиелемейді, ата-баба жолынан алшақ салафия ағымын насихаттайды деп айыптайды. Бұдан басқа дін мен дүние жаратылысына қатысты басқа да мәселелерге байланысты ойларымен бөліседі видео үндеу авторы.
Д. Аяповтың бұл айтқандарына желі қолданушылары түрліше пікір білдіруде.
Пікір қалдыру